Sound Bar Quick Guide
Өнімге күтім көрсету
Өнімді жөнелту кезінде
Бастапқы жөнелту қорабын және орайтын материалдарын сақтап қойыңыз. Егер өнімді тасымалдау қажет болса, қажетті қорғаныс үшін өнімді зауытта қапталғандай етіп қайта ораңыз.
Сыртқы беттерін таза ұстау
- Өнім маңайында инсектицид спрейі сияқты буланғыш сұйықтықтарды пайдаланбаңыз.
- Қатты күш салып сүрту сыртқы қабатын зақымдауы мүмкін.
- Резеңке немесе пластмасса өнімдерінің өнімге ұзақ жанасып тұруына жол бермеңіз.
Өнімді тазалау
Өнімді тазалау үшін жұмсақ, құрғақ шүберек пайдаланыңыз. Егер беттері қатты лас болса, жұмсақ жуғыш затының ерітіндісімен аздап суланған жұмсақ шүберекті қолданыңыз. Спирт, бензин немесе сұйылтқыш сияқты күшті ерітінділерді пайдаланбаңыз, олар өнім бетін зақымдауы мүмкін.